Жаңалықтар тізбегі
0

Балаларға Қазақстан тарихы комикстер арқылы түсіндірілмек

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2018 23:22 Сурет: zakon.kz
Бұл жоба арқылы жеткіншектер елдің тарихын комикстер арқылы тануға мүмкіндік алады.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев балаларға арналған жаңа онлайн жобалар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта балалар үшін жаңа жобаларды даярлап жатырмыз. Осы орайда биылғы жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры қолдауымен қазіргі кезде дайындық кезеңінде тұрған тың жобаларды іске қосатын боламыз. Бұл тұрғыда Қазақстанда алғаш рет елдің тарихын комикс арқылы суреттейтін жобаны әзірлеп жатырмыз», - деді Шәуеев.

Оның атап өтуінше, бұл жоба арқылы жеткіншектер елдің тарихын комикстер арқылы тануға мүмкіндік алады.

«Бір айдан кейін осы бағыттағы әзірлеменің бірінші сериясын таныстыруды жоспарлап отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, осы тектес (комикстер арқылы тарихты баяндау) тәсілдер шетелдерде жиі кездеседі. Бізде осындай тәжірибе бұған дейін болмаған еді, енді оны да іске асырмақпыз», - деп түйді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: