Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 18:46 Сурет: zakon.kz
Сенат депутаты мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған жеке тұрғын үй бағдарламасы қажет деп есептейді.

Сенат депутаты Дариға Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін жеке тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мұғалімдер мен дәрігерлер үлкен азаматтық сектор. Олар бүгінгі күні баспанамен қамтамасыз етілу жағдайы бойынша өте әлжуаз болып отыр. Әзірге ешбір ипотекалық бағдарлама олардың тұрғын үй мәселесін толық көлемде шеше алмай отыр", — деді Дариға Назарбаева бүгін сенатта "Нұрлы жер" бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланған отырыста.

Оның айтуынша, мұғалімдер мен дәрігерлер адами капиталды дамытуда маңызды рөл атқарады. Ал халықтың бұл санатының баспана жағдайы қазір қалыс қалып отырған жайы бар.

"Дәрігер мен медбике, мұғалім мен мұғалімнің материалдық тұрғыдағы жағдайы бірдей емес. Отбасы бар мұғалімдер бар, олар, мәселен, бағдарламаға қатыса алады. Мұндай мүмкіндігі жоқ мұғалімдер де бар ғой. Олардың бірлесе баспана алуға болатын отбасы жоқ, тіпті кейбірінің мойнында туған-туысқандары отыр. Оларға қалай көмектесуге болады? Біз оларды мемлекеттік және азаматтық қызметке ұмтылып, өз біліктілігін арттыруға ынталандыруымыз қажет. Сондықтан олар үшін әскери қызметшілер секілді жеке бағдарлама әзірлеуді ұсынамын", — деді Назарбаева.

"Қазір баспана мәселесі өте өзекті. Жыл сайын тұрғын үй көлемін арттырып жатырмыз, бірақ халық саны да өсіп жатыр. Сондықтан алдағы жүз жылда баспанаға мұқтаж халықтың бәрін қамтамасыз ете алмаймыз деп қорқамын", — деген алаңдаушылығын білдірді сенатор.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: