Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы Қырымбек Көшербаевтың өкілеттігін ұзартты

i.ytimg.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 23:37 i.ytimg.com
Өкілеттігі 2021 жылдың 20 мамырына дейінгі мерзімге ұзартылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2021 жылғы 20 мамырды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында туған. Қырымбек дүниеге келген кезде әкесі Елеу Көшербаев Қырымда жүрген, сол себепті жаңа туған сәбидің есімін Қырымбек деп қойған. Қырымбек Көшербаевтың атасы Көшербай Дәрібаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері атағын алған өңірдегі танымал азаматардың бірі болған. Әкесі Елеу Көшербаев Қызылорда облыстық, аудандық атқару комитеттерінде түрлі қызметтер атқарған. Анасы Мамбеталиева Дәнеш мектеп мұғалімі болған.

Қырымбек Көшербаев Қазалы ауданында дүниеге келген, Сырдария ауданында өскен. Тереңөзек кентіндегі №35 Калинин атындағы қазақ орта мектебін бітірген (қазір И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей). Мектеп қабырғасынан боксқа қатысып, бірнеше жарыстардың жеңімпазы атанған.

1978 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді.

1991 жылы КОКП Орталық комитетінің жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспирантурасын бітірді. Философия ғылымдарының кандидаты (1991 жыл), Саясаттану ғылымдарының докторы (1997).

Докторлық диссертацияның тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы этносаяси процесті регламентациялау ерекшілігі» («Особенности регламентации этнополитического процесса в Республике Казахстан»).

Бокстан спорт шеберіне үміткер.

1978 - 1979 жылдары Қызылорда қаласында қаласында «Главрисхозстрой» мекемесінде инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы.

1979 - 1981 жылдары Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылыс штабы Қызылорда облысы күріш инженерлік жүйесінің бастығы.

1981 - 1982 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық екпінді құрылыс ұйымдары секторының меңгерушісі.

1982- 1983 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы.

1983 - 1986 жылдары Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы.

1986 - 1987 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

1987 - 1988 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі.

1988 - 1991 жылдары Мәскеу қаласында КОКП Орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспиранты.

1991 жылы Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар Референтурасының референті.

1991 - 1994 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі.

1994 - 1995 жылдары Алматы қаласы Калинин аудандық әкімшілігінің басшысы.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты жетекшісінің орынбасары ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

1995 - 1996 жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты жетекшісінің орынбасары аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі.

1996 - 1997 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Баспасөз қызметінің жетекшісі.

1997 - 1999 жылдары Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі.

1999 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрі.

1999 - 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі.

Қызылорда облысының әкімі (17.01.2013 жылдан бастап)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: