Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтөбеде қоғамдық көліктің жүргізушісін пышақтап, кондукторды соққыға жыққан күдікті ұсталды

Кешкісін шахардағы №26 бағыт бойынша қатынайтын автобусқа екі жігіт мініп, жолаушыларға тиісе бастаған.

Сурет : today.kz22 Мамыр 2018, 11:40

Ақтөбеде автобус жүргізушісіне суық қарумен шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД ақпарат таратты, деп жазады zakon.kz Астана телеарнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Кешкісін шахардағы №26 бағыт бойынша қатынайтын автобусқа екі жігіт мініп, жолаушыларға тиісе бастаған. Сонан соң кондукторды таяққа жығып, жүргізушіні пышақпен жаралаған. Көлік салонындағылар жедел жәрдем мен полиция шақырады. Алайда күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен.

«Автопарк» серіктестігінің қызметкері Руслан Жылқамановтың айтуынша, Ақтөбеде мұндай жағдай бірінші рет тіркеліп отыр. Жараланған жүргізушінің жағдайы қалыпты.

Руслан Жылқаманов, «Автопарк» ЖШС бөлім басшысы: Біз ойлаймыз, бұл өте қауіпті жағдай деп. Қоғамдық көліктерге сондай адамдар мініп жүргеніне. Оған назар аудару керек. Ол жігіт, жүргізуші, жұмыс істеп келе жатқанына осы мамырда екі жыл болып жатыр. Ешқандай жұмыс тәртібін бұзып көрмеген бұрын.




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер