Жаңалықтар тізбегі
0

Ғалымдар таза ортаның балалар үшін қауіпті екенін анықтады

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2018 20:53 Stan.kz
Лондондағы онкологиялық ауруларды зерттеу институтының ғалымдары таза ортаның болмауы балалардағы қанның қатерлі ісігін дамыту мүмкіндігін азайтуға көмектесетінін анықтады.

Балабақшаға барған және құрдастарымен жиі уақыт өткізген балалардың иммундық жүйесі өткір қанның қатерлі ісігіне төтеп бере алады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Лондондағы онкологиялық ауруларды зерттеу институтының ғалымдары таза ортаның болмауы балалардағы қанның қатерлі ісігін дамыту мүмкіндігін азайтуға көмектесетінін анықтады.

Зерттеу қорытындысы бойынша, ауру екі сатылы генетикалық мутация мен жұқпалы процестен туындайды екен. Ал, бұл иммундық жүйені нәрестелерді ынталандыру процедуралары арқылы алдын алуға болады.

Балабақшаға барған және қатарластарымен жиі уақыт өткізген балалардың иммундық жүйесі «стерильді» жағдайларда оқшауланған балаларға қарағанда ақ қан, сондай-ақ I типті қант диабеті, басқа да аутоиммунды аурулар мен аллергияларға қарсы төтеп бере алады.

«Мәселе инфекцияда емес, керісінше инфекцияның болмауында», – дейді профессор Мель Гравес.

Ғалымдар зертханалық тышқандарды өздерінің теорияларында сынап көрді. Генетикалық түрде аққанға бейімді және таза ортада өмір сүрген кеміргіштер әдеттегі жағдайдағы тұқымдастарына қарағанда жиі ауырған.

Зерттеу бөлімінің бастығы Грейв бұл құбылысты «қарама-қайшы прогрес» деп атайды. Себебі аққан ауруына көбінесе жақсы жағдайда тұрған иммундық жүйе тиісті «жаттығу» алмаған балалар шалдығады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: