Ғалымдар аутизмі бар балаларға дәрі-дәрмексіз көмектесудің қарапайым тәсілін тапты

Детский сад, детские сады, детсады, детский садик, детские садики, дети, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2025 14:20 Фото: pexels
Қытайдағы Оңтүстік-Орталық Миньцзу университетінің ғалымдары музыкалық терапия дәрі-дәрмек қолданбай-ақ балалардағы аутистік спектр бұзылысының (АСБ) негізгі белгілерін айтарлықтай жеңілдете алатынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл тұжырым Frontiers in Psychiatry журналында жарияланған ғылыми зерттеуде айтылған.

Ғалымдардың қорытындылары аутизмі бар балалардың әлеуметтік, эмоциялық және қарым-қатынас дағдыларына музыкалық сабақтардың әсерін зерттеген 18 ғылыми жұмыстың метаанализіне негізделген.

Талдау нәтижесі музыкалық сабақтардың аутизм белгілерінің айқындылығын кеңінен қолданылатын екі диагностикалық шкала – Autism Behavior Checklist және Childhood Autism Rating Scale бойынша статистикалық тұрғыда елеулі түрде төмендеткенін көрсетті. Ең айқын оң өзгерістер әлеуметтік бейімделу, мінез-құлық, сенсорлық сезімталдық, сондай-ақ эмоцияларды реттеу мен сөйлеу дағдыларының дамуында байқалған.

Зерттеу авторлары музыканың бірден бірнеше нейропсихологиялық механизмге әсер ететінін айтады. Атап айтқанда, ол зейінге, эмоцияларға, сондай-ақ сөйлеу мен әлеуметтік өзара әрекетке жауап беретін нейрондық желілердің белсенділігін арттырады. Ғалымдардың пікірінше, осы себепті музыкалық терапия — аутизмнің негізгі белгілерін түзетуге арналған болашағы зор, дәрі-дәрмексіз әдіс. Себебі бүгінде аутизмнің түпкі симптомдарын тиімді емдейтін дәрілік препараттар әлі жоқ.

Жаңалық сипаттағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептіге теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын алдымен маманмен кеңескеніңіз жөн.

Бұған дейін Витамин D-ны шамадан тыс қабылдау қауіпті болуы мүмкін екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: