Дәрігер: Витамин D-ны шамадан тыс қабылдау қауіпті болуы мүмкін
Фото: pexels
Соңғы жылдары көптеген адамдар үшін D витаминін қабылдау қалыпты жағдайға айналды. Алайда оның қандағы деңгейі 150 нг/мл-ден асса, кальцийдің жинақталуына әкеліп, жүрек бұлшықетінде, ішек және асқазанда қатаю тудыруы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Известия" басылымының дерегінше, бұл туралы ресейлік жалпы тәжірибелік дәрігер Елена Алексенцева айтты.
Оның сөзінше, D витаминінің шамадан тыс мөлшері жасуша мембраналары мен зат алмасуға токсикалық әсер етуі мүмкін. Егер витаминді тым көп мөлшерде қабылдаса, оның деңгейі организмде ғана емес, кальцийдің сіңуін арттырып, гиперкальциемияға – қандағы кальций деңгейінің көтерілуіне әкелуі мүмкін.
"Бұл жағдайларда ас қорыту бұзылыстары, бас айналу, әлсіздік, сананың түсініксіздігі сияқты белгілер пайда болады. Витамин D гипервитаминозының тағы бір салдары – K2 витаминінің әсерінің бұзылуы, нәтижесінде сүйек массасының жоғалуы орын алады. Сондай-ақ организмде оның деңгейінің көтерілуі бүйрекке зиян келтіреді", – деп түсіндірді маман.
Жаңалық сипаттағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептіге теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын алдымен маманмен кеңескеніңіз жөн.
Бұған дейін қандай әдеттер инсульт қаупін арттыратындығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript