Қазақстанда кредиттік картаны қай өңір тұрғындары көбірек пайдаланады

Несие картасы, қаржылық құрал, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2026 16:10 Сурет: pexels
Кредиттік карталар қазақстандықтар үшін қалыпты қаржылық құралға айналды. Оның көмегімен адамдар өз қаражатын бірден жұмсамай, шығындарын уақыт бойынша бөліп өтей алады. Алайда мұндай құралды елдің әр өңірінде пайдалану деңгейі әртүрлі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кредиттік карта иесіне банк белгілеген кредиттік лимитке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жұмсалған қаражатты белгіленген мерзімде қайтару қажет. Әдетте, ақшаны уақытында қайтарған жағдайда пайыз төлеуден құтылуға болады. Сонымен қатар картаның болуы қарыз ақшаны үнемі пайдалануды білдірмейді: оны белгілі бір шығындар үшін ғана қолдануға, лимиттің бір бөлігін жұмсауға немесе мүлде пайдаланбауға болады.

Батыста "несие карталары" көп, оңтүстікте аз

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, бүгінде елімізде 83,6 млн төлем картасы айналымда жүр. Оның ішінде 68,2 млн – дебеттік, 13 млн – кредиттік карталар, тағы 2,4 млн карта басқа санаттарға, соның ішінде алдын ала төленген және кредиттік лимиті бар дебеттік карталарға жатады.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша әр 100 тұрғынға шаққандағы кредиттік карталар саны ең көп өңір – Батыс Қазақстан облысы. Мұнда 100 тұрғынға 70,5 кредиттік картадан келеді.

Екінші орында – Ақтөбе облысы – 70 карта, үшінші орында Атырау облысы – 69,9 карта.

Рейтингтің жоғарғы бөлігінде сондай-ақ Алматы облысы (100 тұрғынға 69 карта), Қарағанды облысы (68,8) және Ұлытау облысы (68,6) бар.

Ең төмен көрсеткіш Ақмола облысында тіркелген – 100 тұрғынға 55,2 кредиттік карта. Жамбыл облысында бұл көрсеткіш – 55,5, ал Түркістан облысы мен Жетісу облысында – 56,2-ден.

Солтүстік Қазақстан облысында 100 тұрғынға 57,2 кредиттік картадан келеді. Шымкентте – 60,8, Қостанай облысында – 61,7.

Алматыда 100 тұрғынға 63,8 кредиттік картадан, ал Астанада – 64,6 картадан келеді. Елорда өңірлер рейтингінің шамамен ортасында тұр, ал елдің ең ірі қаласындағы көрсеткіш сәл төмен.

Қолма-қол ақшаға қарағанда электронды төлем басым

Кредиттік карталардың қолданылуы – картамен есеп айырысуға көшудің кең ауқымды үрдісінің бір бөлігі.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында электронды төлемдердің көлемі 91,2 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға көп.

Операциялар саны 6%-ға өсіп, шамамен 7 млрд-қа жетті. Сонымен бірге бір төлемнің орташа сомасы шамамен 0,7%-ға төмендеп, 13,1 мың теңгені құрады.

QR және POS-терминалдар арқылы төлем жасау да артып келеді. QR-төлемдердің үлесі10,2%-дан 10,9%-ға, ал POS-төлемдердің үлесі 9,6%-дан 10%-ға өскен.

Орта есеппен Қазақстанның әр тұрғыны күніне екі рет электронды төлем операциясын жасайды.

Қолма-қол ақшасыз төлемдердің кең таралып келе жатқанын тағы бір көрсеткіш дәлелдейді. 2026 жылдың басынан бері банкоматтардан қолма-қол ақша алу саны 4,1%-ға, ал алынған қаражат көлемі 2,8%-ға азайып, 12,6 трлн теңгені құрады.

Ал бір рет алынатын қолма-қол ақшаның орташа сомасы, керісінше, шамамен 1,3%-ға өсіп, 114,3 мың теңгеге жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: