Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда өртті сөндіріп жатқан өрт сөндіру көлігі отқа оранды

Тoday.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2018 21:32 Тoday.kz
Өртпен күреске қатты жел кедергі келтірген.

Атырауда ықшамаудандардың бірінде өртеніп жатқан қамысты сөндіру кезінде өрт сөндіру көлігі жанып кетті, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Бұл туралы Today.kz жазады.

Хабарламаға сәйкес, өткен бейсенбі күні өрт орнына автоцистернамен 4 адамнан тұратын өрт сөндіру бірлігі барған.

"Оқиға орнына сағат 17:43 жеткен мамандар шамамен 1 гектар аумақта камыс пен ағаштардың өртеніп жатқанын көрген. Жалын жеке секторға жайылып кетуі мүмкін еді. Автоцистерна сол аумаққа баратын жалғыз жол арқылы кіріп, асфальт жолда орналастырылған", – делінген хабарламада.

Өртпен күреске қатты жел кедергі келтірген. Жел бағытының өзгеруі салдарынан жалын жол бойына отырғызылған ағаштарды және автоцистернаны шарпыған.

Бұл кезде өрт сөндірушілер көліктен 100 метр қашықтықтағы өртті сөндіріп жатқан. Ал жүргізуші машинаның артқы жағындағы сорғы бөлігінің жанында болған. Ол көлікті басқа жерге айдап әкетуге тырысқан, алайда салонға жайылған жалын кедергі келтірген.

"Өрт салдарынан автомобильдің алдыңғы бөлігі жанып кеткен ", – делінген ақпаратта.

1,8 гектарға жайылған өрт сағат 20:10-да сөндірілді. Өртті сөндіруге 24 адам мен 8 техника бірлігі жұмылдырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: