Қарқаралыдағы өртті екі жүзден астам адам мен екі тікұшақ сөндіріп жатыр
Сурет: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қарағанды облысындағы орманды даланы шарпыған өрттің жалпы ауданы шамамен 1089 га болды. Өртті сөндіруге аумақтың таулы-жартасты болуы, су қоймаларының алыстығы және жел кедергі келтіріп жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің, өртке қарсы ерікті құралымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығының, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, полицияның, «Алтай Полиметалы» ЖШС күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр, барлығы 233 адам және 45 бірлік техника жұмылдырылды.Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Сурет: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ өртті сөндіруге суағар құрылғысы бар 2 тікұшақ жұмылдырылғанын атап өтті. Барлығы 70 рет су шашылды.
Сурет: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Өрттің жалпы ауданы шамамен 1089 га болды. Таулы-жартасты жерлер, су қоймаларының алыстығы, қатты әрі ауыспалы жел өртті сөндіруге кедергі келтіріп жатыр. Су жеткізілді.Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Сурет: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ведомство өкілдері төтенше жағдай орнында жедел штаб жұмысы ұйымдастырылғанын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript