Жаңалықтар тізбегі
0

Ғалымдар арықтауға көмектесетін «гаджет» ойлап тапты

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2018 23:13 Baq.kz
Оның үлгісі және алғашқы сынамасы Венада өткен семіздік жөніндегі еуропалық конгресте таныстырылды.

Израиль ғалымдары арықтауға көмектесетін медициналық ерекше «гаджет» ойлап тапты. Құрылғы адамның дәмді тағамның иісін сезу қабілетін жойып отырады, деп хабарлайды Вaq.kz.

Оның үлгісі және алғашқы сынамасы Венада өткен семіздік жөніндегі еуропалық конгресте таныстырылды.

«Біз адамның тәбетінде иіскеудің қаншалықты маңызды екенін үйрене бастадық. Бір жағынан біз жағымды және жағымсыз иістердің тәбетімізді ашып не басып тастауына әсер ететінін бәріміз білеміз. Мысал ретінде, иіскеуді басып тастау тәтті тағамнан бас тартуға әкелетінін көрсеттік», - деді Израильдің Петах-Тиква қаласында Хашарон ауруханасының маманы Дрор Дикер (Dror Dicker).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазіргі мәліметтеріне сүйенсек, әлемде өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап семіздік эпидемиясы байқалды. Өткен жылы Жер шарындағы әрбір үшінші тұрғын, жалпы алғанда 1,9 миллиард адам артық салмақтан зардап шекті. Олардың 15 проценті семіздіктің асқынған формасымен ауырды. Ұйымның деректеріне қарағанда,, аурулардың 47 проценті, мысалға жүрек аурулары, диабет, рак дәл осы артық салмақпен байланысты.

Дикер мен оның әріптестері артық салмақпен күресудің өте оңай жолын ұсынды. Израиль дәрігерлері семіздіктің бірнеше жолын талдай отырып, 50 жастан асқан адамдардың иіс сезу қабілеті нашарлай бастайтынын анықтады. Сондықтан да оларға тамақтың тағы бір порциясы жетпей тұрған сияқты болып көрінеді.

Олар осы идеяны тексеріп, силиконнан арнайы бірнеше тығын жасады. Ол ауа жібереді, бірақ иіс адамға оңай жетпейді. Кейін мамандар еріктілерден құралған алты дюжинаны (он екі адамнан құралған топты) тестілеуге алды. Олардың жартысына арықтауға көмектесетін өлшеуіш «тамшылар» беріп отырды.

Сараптаманың алдында адамдардың жейтін тамағының мөлшерін қарап алды және олардан тамағын 500 килокаларияға дейін азайтып отыруды сұрады. Ғалымдар әр апта сайын оларды жинап, май, инсулин және қандағы басқа да молекулаларды деңгейін өлшеп, артық салмақтан арылудағы жақсы өзгерістерді белгілеп алды.

Сараптаманың соңында тығындар артық салмақтан арылуға көмектескені белгілі болды және диетасын ауыстырғандардың салмағы сегіз пайызға азайған. Бұл бақылау тобындағылардан екі есе көп болды.

Сонымен қатар, қандағы инсулин концентрациясы, қан қысымы және тәтті тағамға деген тәбет те бәсеңдеген.

Дикердің айтуынша, мұрынға арналған мұндай тығындар адам денсаулығына еш қаупі жоқ және алдағы айларда сатылымға шығады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: