Жаңалықтар тізбегі
0

Министр қай елдерден жалған тамақ өнімдері келетінін айтты

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2018 23:39 Sputniknews.kz
Сүт және май өнімінің 2000 сынамасы зерттеліп, оның 29 пайызы жалған деп танылған.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша қандай жұмыс жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Халық тұтынатын тауарлардың 42 мыңнан астам түрі зерттеліп, оның ішінде 10,3 пайызының техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес еместігі анықталды. Тамақ өнімдерінің 34 мыңнан астам сынамасы зерттелді, оның ішінде 2624 сынаманың техникалық регламент талаптарын бұзатыны белгілі болды. Атап айтқанда, өндірушілердің таңбалау қағидаларын бұзуы — 43 пайыз, қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігі — 22 пайыз, мәлімделген қасиеттерге немесе физикалық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес болмауы — 12 пайыз", — деп баяндады министр бүгін үкімет отырысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, құрамында жалған тамақ өнімі бар тауарларды анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.

"Жалған өнімнің негізгі көлемі сүт және майға тиесілі. Тауар таңбасында көрсетілмеген өсімдік майы бар өнімдер табиғи өнім ретінде сатылған. Мысалы, сүт және май өнімінің зерттелген 2000 сынамасының ішінде 29 пайызы жалған деп танылған. Негізінен бұл Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Франция елдерінен келген өнімдер. 11 тамақ өнімінің құрамында гендік модификацияланған ағзалардың 1-ден 39 пайызға дейін артық болғаны анықталды. Мал шаруашылығы тамақ өнімдерінің құрамындағы антибиотиктердің қалдық көлемін қадағалау мақсатында 600-ден астам сынама зерттелді. Оның 11-де антибиотиктер құрамы асып кеткен", — деді Біртанов.

Жалпы алғанда, өткен жылы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес емес 1,2 тоннадан астам ет өнімі саудадан алынған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: