Денсаулық сақтау министрі өліммен аяқталатын менингитке жеткізбеу жолын айтты

29 Мамыр 2018, 17:12
Сурет: Baq.kz

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин менингитпен ауырғанда өліммен аяқталу жағдайынан қалай құтылуға болатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Өліммен аяқталу жағдайының барлығы науқастардың медицина қызметкерлерінің көмегіне кеш жүгінуінде болып отыр. Соңғы жағдайды өздеріңіз де білесіздер, ауырған студент жатақханасында 3-4 күн жата берген, дәрігерге бармаған. Медицина көмегіне жүгінген кезде тым кеш болған, сол себепті бұл жұқпаның өліммен аяқталуы дер кезінде медицина қызметкерлеріне қаралмауында болып отыр», - деді Бекшин.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы жоғары тыныс алу жолдарының ауруы кезінде санация жасауды ұсынды.

«Егер сіздің жұтқыншағыңыз ауырса, фарингит болса профилактикалық санациядан өту керек. Сондай-ақ, ата-аналарға өз балаларына санация жасауды ұсынамыз», - деді ол.

Бекшин бұл жұқпаның ауа-тамшы жолымен тарайтынын, бірақ тұмау мен ЖРВИ секілді адамдар арасында қарқынды түрде таралмайтынын айтты.

«Бұл жұқпа әрі тығыз қарым-қатынас болғанда ауа-тамшы жолымен жұғады. Жанасу жолымен жұқтыру да бар, бірақ оның дейгейі аздау. Жұқтыру жолының 90%-ы ауа-тамшы жолымен тарайды», - деді ол.

Ол менингиттің қоздырғышы бактерия болатын және қоздырғышы энтеровирус болатын сірлі менингококтық жұқпаға бөлінетінін айтты. Сірлі менингит жиі кездеседі, бірақ соңы өліммен сирек аяқталады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?