Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда балалардың өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші төмендеді

aktobegazeti.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2018 18:39 aktobegazeti.kz
Егер 2013 жылы 200 бала өз-өзіне қол жұмсаса, 2017 жылы 136 бала суицидке барған.

Қазақстанда балалардың өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші азайды. ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның мәліметінше, 4 жыл ішінде өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалар саны 66-ға азайған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жыл сайын суицид жасау салдарынан қаншама баладан айырылып қаламыз. Өлім-жітімнің көрсеткіші төмендеп жатыр. Егер 2013 жылы 200 бала өз-өзіне қол жұмсаса, 2017 жылы 136. Иә, сандардың азайғанын байқаймыз, бірақ бұл туралы қуанышпен айта алмаймыз. 136 өмір - біздің балаларымыздың өмірі. Біз қандай қателік жасаймыз? Неге мемлекеттік шараның нәтижесі байқалмайды? Ешқандай жарылыс жоқ, соғыс жоқ, бейбіт елде балалар неге өз-өзіне қол жұмсайды? Ең қорқыныштысы, балалар туыстары мен достарының ортасында - ауруханаларда, мектептерде, үйдің ауласында - мемлекеттің аумағында, отбасы, қоғамда қайтыс болуы. Олардың өмір сүретін аумағы қауіпсіз және қолайлы болуы керек", - деді Балиева.

Ол балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы мәселе бүкіл әлем бойынша өзекті екенін атап өтті, бірақ соған қарамастан, бұл мәселе көлеңкеде қалып қояды, себебі бұл туралы бәрі ашық айта бермейді. Оның мәліметінше, тек 2017 жылы Қазақстанда 26 бала өлтірілді. Жыл сайын жол апатынан 200-300-ден астам бала көз жұмады, соңғы бес жылда су қоймаларында 1059 бала суға батып кетті, өрт салдарынан 227 бала көз жұмды.

«Қазақстан бұл туралы ашық айтады, жоғары бағаға ие болатын барлық шараларды қолданады. Бірақ мен 2015 жылы Норвегиядағы сияқты біздің елімізде де жол апатынан ешбір баланың зардап шекпеуін, ауруханаларда ешбір баланың көз жұмбағанын, ешбір баланың зорлық-зомбылық көрмегенін қалаймын", - деді ол.

Гүлім Тоқтарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: