Жаңалықтар тізбегі
0

Тәжікстанның бас мүфтиі боксты «харам» деп таныды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2018 16:27 Baq.kz
Ақшаға өткен кез келген ойын мен жекпе-жек харам.

Тәжікстан Үлемдер кеңесінің басшысы Саидмукаррам Абдулкодирзоданың айтуынша, ережесіз жекпе-жек және бокс сияқты спорт түрлерін денсаулыққа зияндығына байланысты «харам» (шариғатта тыйым салынған) болып есептеледі. Оның сөзіне қарағанда, күрес «дұрыс» спорт түріне жатады, деп хабарлайды Baq.kz.

1 маусым күні Душанбедегі орталық мешітте жұма намаздан кейін сөйлеп, жамағат мүшесінің сұрағына жауап берген Абдулкодирзода «Әсіресе, бокс пен ережесіз жекпе-жек діни тұрғыдан алғанда харам болып саналады, өйткені, олар адам денсаулығына зиян келтіріп, мүгедек қылуы мүмкін» деп жауап берді.

«Ақшаға өткен кез келген ойын мен жекпе-жек харам. Ақыл мен денеге еш пайдасыз нәрсеге уақытта текке өткізу. Бұл - харам», - деді мүфтий.

Оның айтуынша, тәжік жастары мысалы күрес сияқты «дұрыс» спорт түрлерімен шұғылданып, өздерін физикалық және рухани тұрғыда дамытуы тиіс.

«Біздің жастар міне осындай спорт түрлерінде жетістікке жетіп, туымызды биікке көтеруі, ұлтымыз бен мемлекетіміздің абыройын арттыруы керек», - деді Абдулкодирзода.

Өткен жылдың күзінде Тәжікстанның Жастар ісі және спорт комитеті мектептерде және спорттық оқу орындарында спорттың тоғыз түрі бойынша секцияларға тыйым салу туралы шешім қабылдаған болатын. Олардың ішінде аралас жекпе-жек, кәсіпқой спорт, грепплинг сияқтылар бар. Арнайы құжатта айтылғандай, мұндағы мақсат зорлық-зомбылыққа, спортшылардың ар-намысын таптауға және тұлғаны қорлауға жол бермеу.

Ozodlik-тың хабарлауына қарағанда, аралас жекпе-жек Тәжікстанға бұдан бес жыл бұрын ғана келген және осы уақыт ішінде елде өте танымал болып үлгерген. Ережесіз жекпе-жектен тәжік спортшылары көптеген халықаралық жарыстарда жеңіске жеткен.

Ережесіз жекпе-жектен (ММА) Тәжікстан атынан халықаралық ареналарға шығып жүрген Зухро Холова спорттың қандай да бір түрін «харам» деп санамайтынын айтқан.

«Әлемде туымызды биікке көтеруге үлес қосуды «халал» деп санаймын. Осы арқылы біз еліміздің беделін биіктетеміз», - деген ол Озоди тілшісіне берген сұхбатында.

Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Мавзуна Чориеваны жаттықтарған бокс бапкері Носир Азимов те «бокс харам» деген сөзді діни адамдардың аузынан алғаш рет естіп отырғанын айтады. Оның айтуынша, бокс бүкіл мұсылман әлемінде рұқсат етілген.

«Бәріміз - мұсылманбыз. Мүфтидің мынадай сөзін естіген баланың спортқа қызығушылығы жоғалады. Мұндай спорт түрлері харам болса, онда жастар немен айналысуы керек? Майк Тайсон, Мұхаммед Әли сияқты әйгілі боксшылар Исламды қабылдады ғой...», - дейді Азимов.

Озодидің хабары бойынша, Тәжікстан Үлемдер кеңесінің пәтуалары соңғы жылдары қоғамда дау-дамай туғызып жүр. Мәселен, жақында қасиетті Рамазан айы қарсаңында Кеңес Рогун ГЭС-ін салып жатқан жұмысшыларға ораза ұстамауға болады деп пәтуа шығарды. Көптеген әлеуметтік желі қолданушылары бұған таңғалып, ораза ұстаудың мұндай тәртібі туралы алғаш рет естіп отырғандарын айтты.

Ал 2014 жылы Үлемдер кеңесінің бір мүшесі кейбір БАҚ түрлері ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді, сондықтан да олар «үлкен күнәһарлар» деп, бұл мәлімдеме БАҚ өкілдерінің ашу-ызасын туғызған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: