Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Біртанов жедел жәрдемнің кешігуіне қатысты түсініктеме берді

Жедел жәрдемнің автопаркін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр,

Сурет : Aktobenews.kz4 Маусым 2018, 12:52

Маусымдық тұмау аурулары кезінде жедел жәрдемнің кешігуі болып тұрады, бұл да сондай жағдай. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде менингоккок ауруының ахуалына байланысты баспасөз мәслихатында жедел жәрдемнің кешігуіне қатысты түсініктеме берген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Өздеріңіз білесіздер маусымдық тұмау аурулары кезінде жедел жәрдемнің кешігуі болып тұрады, бұл да сондай жағдай. Ауруханалардың автопаркі аурулардың ушығатын маусымы кезінде кеңейіп тұрмайды. Жедел жәрдем көлігі әр аймақта әр түрлі және олардың нақты саны бар. Сонымен қатар, олар белгіленген ережеге сәйкес шақыртуларға шығады. Яғни, шақырту бойынша қай науқастың дерті ауыр болса соған бірінші жіберіледі. Әрине жедел жәрдемнің автопаркін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, бірақ бұл бір күнде шешілетін шаруа емес. Сондықтанда бастарыңыздан өткен жағдайды тек әлеуметтік желіде жазып қана қоймай, біздің ведомствоның сайтына өз шағымдарыңызды түсірсеңіздер болады. Әр жағдайды жеке-жеке қарап, түсініктеме беретін боламыз», - деді министр.

Айта кетейік, ведомство басшысы бұған дейін менингитке қарсы жаппай вакцинациялауды бастаудың қажеті жоқ деген болатын. Оның пайымынша, вакцинациялаудың еш көмегі болмайды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері менингит жұқтырған 58 науқастың 12-сі көз жұмды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер