Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ОҚО тұрғындары 300-ден астам қару тапсырды

Акцияны өткізуге республикалық бюджеттен 17 миллионнан астам теңге бөлінді.

Сурет : otyrar.kz4 Маусым 2018, 15:40

10 сәуірден Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізілуде, — деп хабарлайды otyrar.kz ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Акцияның басты мақсаты – атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдану арқылы құқықбұзушылық пен қылмыстарды алдын алу болып табылады. Акцияны өткізуге республикалық бюджеттен 17 миллионнан астам теңге бөлінді.

Акция басынан бері облыс көлемінде 196 азаматпен 322 дана отты атыс қаруы, оның ішінде 47 ойық, 283 дана тегіс ұңғылы қару және 1 ойық карабин мен 1 дана жарақатты тапанша ішкі істер органдарына өз еркімен тапсырылды.

Арнайы құрылған комиссияның қажетті рәсімдерін жүргізгеннен кейін 13 миллион теңгеден астам сомаға қаруды сатып алу туралы 251 шешім қабылданды.

Өз кезегінде ОҚО полицейлері заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға өткізгісі келетін тұрғындарға кез келген қала, аудан ішкі істер бөліміне арыздана алады. Тұрғындар арыздарында өзі

туралы мәліметті, өткізіліп жатқан қару түрлерін, маркасын, калибрін, қарудың нөмірін, оқ-дәрілер саны мен оларды алу көздерін (сатып алу) көрсету керек.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер