ОҚО-да мұғалімдер мен полицейлерге және дәрігерлерге қызметтік баспана беріледі
Stan.kz
Тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 1,6 млрд теңге қаржы бөлінді.
2018 жылы ОҚО мұғалімдер, полицейлер және медицина қызметкерлеріне қызметтік баспана беріледі. Бұл туралы ОҚО әкімдік баспасөз қызметі хабарлады.
«Ағымдағы жылы ОҚО әкімі Ж. Түймебаевтың бастамасымен облыстың 9 ауданынан 20 елді мекенде 20 қызметтік үйдің құрылысы басталады. Үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы салынады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Екі қабатты тұрғын үй құрылысында 10 баспана болады. Тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 1,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Баспаналар облыстың мұғалімдеріне, медицина қызметкерлеріне, полицейлерге және өзге де мемлекеттік қызметтегі азаматтарға беріледі.
Нақытрақ айтсақ, Төле би ауданына бір үй, Отырар, Бәйдібек, Шардара, Созақ және Арыс аудандарына екі үйден, ал, Түлкібас, Кентау, Түркістан аудандарына үш үйден салынады.
Қазіргі уақытта мамандар құрылыстың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript