Қазақстанда 58 адамда менингококк инфекциясы расталды

Baq.kz Baq.kz
Менингококк инфекциясы расталғандардың ішінде 20 бала бар.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық қорғау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

«Менингококк инфекциясына қауіптеніп 593 адам жүгініп, ем қабылдауға 213 адам ауруханаға жатқызылды. Бірақ тек 58 адамда менингококк инфекциясы расталды. Менингококк инфекциясы расталғандардың ішінде 20 бала бар. Бүгінде 10 адам сырқатынан толық айығып, 35 пациент ем қабылдап жатыр. Өкінішке қарай, инфекцияның асқынып кетуінен 13 адам қайтыс болды. Оның 4-еуі Алматы облысының тұрғыны, 1-еуі Қызылорда облысынан, ОҚО-дан 2 адам, Алматы қаласынан 6 тұрғын. Сонымен қатар, 6 бала көз жұмды», - деді Бекшин.

Тақырыпқа қатысты жаңалықтарды мына сілтемеден өтіп оқыңыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз