Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты орын алды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2018 22:25 zakon.kz
Жол апатының мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Алматыда Саин көшесінде үш көліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Абай даңғылына жетпей, Саин көшесінде болды. Анықталғандай, апатқа себеп жолда жатқан үлкен қызыл мата болған. Kia Sportage жүргізушісінің айтуынша, ол солтүстік бағытта келе жатқан. Оның алдында келе жатқан көліктің жүргізушісі жердегі матаны көріп, тежегішті басып, маневр жасай бастаған. Kia жүргізушісі де тоқтаған, сол сәтте оның артынан Mitsubishi Lancer көлігі келіп соғады, ал оның артына Mazda RX-8 көлігі кіріп кетеді.

Ең бірінші Mitsubishi көлігі артымнан соқты деген Kia жүргізушісінің сөзін Mazda жүргізушісі растап отыр. Алайда Mitsubishi жүргізушісі болса, артымнан Mazda көлігі соққаннан кейін барып Kia көлігіне соқтым деп отыр.

Апаттың салдарынан Mitsubishi көлігінің екі жолаушысы зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.

Жол апатына байланысты Саин көшесінде екі бағыт бойынша да кетпеліс орын алды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2018 22:25, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2018 22:25, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2018 22:25, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2018 22:25, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2018 22:25

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2018 22:25

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: