Жаңалықтар тізбегі
0

Денсаулық сақтау министрі Талғардағы аурухананы тексерді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 15:48 zakon.kz
Министр пациенттермен дұрыс жұмыс істемегені үшін Талғар ауруханасының басшылығы мен жергілікті билікті сынға алды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингитке шалдыққан бірнеше науқас қайтыс болған Талғар қаласының орталық аудандық ауруханасының басшылығымен кездесті. Дәрігерлердің күрделі жұмысын атап өткен министр, кейбір басшылар бүгінгі жағдайды толық түсінбейтінін айта кетті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Аурухананы тексеру барысында Елжан Біртанов Талғар ауруханасында жұқпалы аурулармен ауырған науқастар үшін орынның жоқтығын анықтады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 15:48

"Жұқпалы аурумен ауырған науқастарға арналған орын бар ма? Қазір кенеттен науқастар түсіп қалса не болады? Жоқ па? Өткен жылы жаңа норматив шыққан болатын, әкімдерің білуі тиіс, сендердікі сияқты көп салалы ауруханада ондай орындар қарастырылуы керек. Бұл барлық аудандық ауруханаларға қатысты, қазіргі сәтте барлық науқасты жеке жұқпалы аурулар ауруханасына жіберудің мәні жоқ. Басшылықтарыңнан, әкімнен сұрағым келеді: пациентті қабылдай алмағандарың қалай? Дәрігер қабылдамай, Қаскелеңге апаруға тура келді, сендерде ауруханаға жатқызу тәртібі сондай ма? Ауыр науқасты басқа жаққа жібергендерің қалай? Алдымен оның жағдайын қалыпқа келтіріп, содан кейін барып апаратын жерге апару керек! Жаңа түскен науқасты, тексермей жатып, басқа жаққа жіберу - барып тұрған қылмыс, бұл барлық стандартқа қарсы шығу", - деп ашуланды министр.

Министрдің айтуынша, кейбір бас дәрігерлер менингитке қатысты жағдайды толық білмейді. Пациенттермен дұрыс жұмыс істемеген ұйымдарды ерекше атап өтті.

"Өткенде әйелді Қаскелеңге жіберген кезде кім кезекшілік етті? Оны қандай күйде ол жаққа жібердіңдер? (Үнсіздік) Сендер жағдайды түсінбейсіңдер. Осы уақытқа дейін бұл мәселенің анық-қанығына жетулерің керек еді. Сендердің облыстарыңда менингитке шалдыққан алты науқас бар, оның төртеуінен айырылып қалдыңдар. Менің байқауымша, бар мәселе ұйымдастыруда болып тұр. Осыған дейін де айтып кеттім, әрбір жағдайда өлімнің себебін анықтап отыруымыз керек", - деді министр бас дәрігермен сөйлесу барысында.

Біртанов жергілікті әкімнің басышылығындағы үлкен кемшілікті анықтады. Медициналық процестерді ұйымдастыру, материалдық құралдармен қамтамасыз ету кез келген сынға төтеп бере алмайтындығы анықталды. Бұл жағдай министрдің ашуына тиіп, ол Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігіне қатысты пікірін білдірді.

"Жергілікті әкімдік қайда қарап отыр?! Мемлекет медициналық көмекті ұйымдастыру үшін жеткілікті қаржы бөледі. Биналі Абдықапасұлы қайда қарап отыр?! Жұмысты ұйымдастыруда неге тәртіпсіздік байқалады?!"

Медициналық жедел жәрдем жұмыстарының ұйымдастырылуы да сынға ілікті.

Сондай-ақ Біртанов Есік қаласының ауруханасына барып, менингитке шалдыққан екі науқасты жеке өзі қарап шықты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: