Жаңалықтар тізбегі
0

Айдана Меденова Корей шоу-бизнесін бағындыруды көздеп отыр

sensation-booking.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2018 17:28 sensation-booking.kz
Меденова отандық эстрада өз орнын тапқанымен, келешекте корейлік шоу-бизнестің шыңына шығуды көздеп отыр.

Соңғы уақытта Сеулге жиі сапарлатып жүрген Айдана Меденова, көпке беймәлім сырымен бөлісті. Корейліктермен тығыз қарым-қатынас орнатқан қазақ қызы, аталмыш елдің шоу-бизнесін бағындыруға бел буып отыр екен. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Айдана Меденова жақында ғана Сеулде өткен «Фэйс оф Эйжа» фестиваліне қатысып қайтқан. Бұл шара Азия елдерінің бизнесмендерін әрі ән мен сән саласындағы өкілдерін марапаттайтын ауқымды жоба. Қазақстанның атынан аттанған Айдана, корейлік шоу-бизнестің ұтымды тұстарын жіпке тізіп келіпті.

“Мен таңқалған жағдай, оларда әр әншінің өзінде фан-домы бар. Әнші шыққанда бір проигрыштар болады ғой 2-3 секунд, сол кезде өздерінің слогандарын айғайлып, жаттап алған заттарды, 3 мың адам айқайлап тұрғанда, ол енді керемет”, – дейді Айдана Меденова.

Сеулдегі сапардан қазақстандық сылқымның түйгені көп-ақ! Айдананы жанкүйлерлердің белсенділігімен қатар, сахна сыртындағы idol-дардың да ісіне деген әрекеті сүйсіндіріпті.

“Сахнаның сыртында сондай бәрі орынымен. Әр адам өзінің жұмысын біледі. Тіпті сол idol-дар да сондай жұлдыз болып тұрса да, өзінің жұмысын біліп тұр сол жерде. Ешқандай қарбалас жоқ”, – дейді Айдана Меденова.

Меденова отандық эстрада өз орнын тапқанымен, келешекте корейлік шоу-бизнестің шыңына шығуды көздеп отыр.

“Өзімнің әндерімді сол басқа тілде жазып көремін. Сол жаққа шығуға. Осы жақта қазақша жазсам, сол әнді корей тіліндегі нұсқасын жасап көрмекпін. Меніңше қазір сұлулық жағынан ұнап жатсам, менде мүмкіндік бар деп ойлаймын”, – дейді Айдана.

Иә, Айдананың бұл іске білек сыбана кіріскенін аңғармау мүмкін емес. Бүгінде әнші корей тілін меңгеруде екен. Аздаған уақыт ішінде нәтиже де, көңіл қуантарлықтай көрінді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: