Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады

19 Маусым 2018, 09:04
Сурет: wpnature.com

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл соғады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Павлодар облысында 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді. Кей жерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерінде дауыл соғып, бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл соғып, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерінде тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Алматы, Ақмола облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде күндіз жел шаңды дауылмен көтеріліп, 15-20 м/с екпінмен соғады.

Қарағанды облысының кей жерінде түнде жел 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?