Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тоқал алуға бола ма? Президент заңға қол қойды

Түрікменстанның Отбасы кодексіне тиісті өзгерістер енгізіліп, ресми түрде көп әйел алуға тыйым салынды.

Сурет : sputniknews.kz21 Маусым 2018, 09:34

Түрікменстанда ресми түрде көп әйел алуға тыйым салынды. Елдің Отбасы кодексіне тиісті өзгерістер енгізіліп, оған президент Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойған, деп жазды sputniknews.kz.

Заңның жаңа мәтіні 19 маусымда мемлекеттік басылымдарда жарық көрген. Онда 7-бапта "Түрікменстанда көп әйел алуға тыйым салынады" деп, "Көп әйел алушылық дегеніміз — ортақ шаруашылық енгізіп, екі не бірнеше әйелмен бірге тұру" деп түсіндірген.

Заң 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

2012 жылы қабылданған Отбасылық кодексінде бастапқыда екінші некеге тыйым салынған. Енді "көп әйел алушылық" термині енгізілді.

Түрікменстанның Қылмыстық кодексінде екі некеге тұрғандарға екі жылға дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе ірі көлемде айыппұл салу қарастырылған.

Бірақ тыйымға қарамастан, жергілікті тұрғындардың айтуынша, көп әйел алу елде кең етек жайған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер