Жаңалықтар тізбегі
0

Тимур Урманчеев «Қазақконцерт» ұйымының көркемдік жетекшісі болды

qazradio.fm, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2018 18:39 qazradio.fm
Тимур Урманчеев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның солисі.

Танымал қазақстандық музыкант Тимур Урманчеев «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы zakon.kz «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тимур Урманчеев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның солисі.

1990. Жоғары орындаушылық шеберлік курстары 1990. П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры А.Ведерниковтың классы 1991. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының фортепиано классы бойынша түлегі 1993.

Ассисентура-тағылымдама Тимур Урманчеев – Қазақстанның академиялық музыка өнерінің жарқын өкілі.

Ол отандық өнердің дамуына зор үлес қосты. Талантты солист, концертмейстер, «Форте Трио» мемлекеттік ансамбілінің негізін салушы және көркемдік жетекшісі. Тимур Урманчеевпен бірге белгілі қазақстандық және шетелдік музыканттар өнер көрсетеді.

Танымал пианист бірнеше рет отандық музыкалық өнердің озық үлгілерін халықаралық сахнада ұсынған. Ірі халықаралық және республикалық жобалардың көркемдік жетекшісі болып табылады: «Астана кештері», «Жапондық көктем», «Жапондық күз» өнер фестивальдары, «Көктем самалы» и «Жүрек сазы» республикалық музыка фестивалдары, «Времен связующая нить» мәдени қайырымдылық мегажобасы.

Урманчеевтің қазақстандық музыка өнерінің дамуына қосқан үлесі бірнеше рет мемлекеттік дәрежеде атап өтілді.

ҚР Президентінің жарлығымен 2001 жылы «Ерен еңбек үшiн» медалімен марапатталды.

2006 жылы Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленді.

2015 жылы оған «Құрмет» ордені берілді.

Бұған қоса, ол «Renata Tebaldi-Mario Del Monaco» (Италия) Халықаралық вокал академиясының құрметті профессоры болып табылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: