Қазақстанның халық әртісі Шахимардан Әбілов педагог-ардагерлерге арналған шығармашылық кеште өнер көрсетті
Мұғалімдер күніне орайластырылған іс-шараны Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырды.
Шахимардан Әбілов жоғары өнер сүйер қауымды "Толық адам, ой толғау, хакім Абай" монооперасын орындап, тәнті етті. Танымал орындаушыны тыңдауға еңбек сіңірген педагогикалық еңбек ардагерлері мен көрнекі әртістер келді.
"Толық адам, ой толғау, хақім Абай" монооперасы — Абай Құнанбаевтың мәңгілік өлеңдері мен философиялық еңбектеріне негізделген терең әрі жанды музыкалық шығарма. Моноопераның әрбір нөмірі — Абайдың философиялық мұрасындағы жеке тарау, онда музыка мен дауыс арқылы адамның әлемдегі орны, білімнің, даналықтың және рухани тазалықтың маңыздылығы турал сыр шетріледі.
"Мен өз шығармашылығымды өскелең ұрпаққа арнаймын, өйткені олар — біздің болашағымыз. Егер балалар Ұлы Абайдың шығармашылығын шынымен түсініп, сүйсе, өзімді бақытты сезінемін", — деді Шахимардан Әбілов.
Әртістің шығармашылығы Қазақстаннан тыс жерлерде де белгілі. Ол Париждегі Плейель залы, Винченсо, Берлин, Тель-Авив, Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының кіші залы сияқты әлемдегі ең беделді сахналарда өнер көрсетті. Оның Лондондағы Barbican концерт залында корольдік камералық оркестрмен өнер көрсетуі кеңінен танымал болды.