Махаббат пен сатқындық: Ағылшын ұлттық балетінің әртістері тұңғыш рет Алматыда өнер көрсетеді
Ағылшын ұлттық балетінің әртістері, прима-балерина Эмма Хоус пен премьер Айтор Арриета тұңғыш рет театрдың оркестері мен труппасымен бірге өнер көрсетеді.
Konokbaev Group компаниясы Петр Чайковскийдің музыкасы бойынша аңызға айналған "Аққу көлі" спектаклін ұсынады.
Әлемдік балет өнерінің алтын қорына енген "Аққу көлі" балеті ежелгі славян аңызына негізделген махаббат пен сатқындық туралы оқиғаны баяндайды.
Сурет: Instagram/konokbaevgroup
Көрермен сахнадан аққулардың сиқырлы бейнесін, таңғажайып музыканы және естен кетпес қойылымға айналатын талғампаз би композицияларын тамашалап, сезіне алады.
Одетта-Одиллия партиясын Ағылшын ұлттық балетінің әртісі Эмма Хоус орындайды. АҚШ-та туған балерина 2018 жылдан бері Ұлттық балеттің солисі, 2022 жылдан бастап прима балерина атанды.
Сурет: Instagram/emhahahawes, Instagram/b.lla
Оның репертуарында Одетта-Одиллия, Раймонда, Күлше қыз, Манон, Гүлнара ("Корсар"z) және тағы басқа балеттер бар.
"Аққу көліндегі" Зигфридтің партиясын Айтор Арийетта орындайды. Айтор карьерасын Мадридте (Испания) бастаған, бірақ 2016 жылдан бастап Ағылшын ұлттық балетінің солисі атанды.
Сурет: Instagram/aitor.ac, Instagram/dasaphotography
Қазіргі уақытта Айтор театрдың жетекші премьерасы. Ол Зигфрид, Альберт (Жизель), "Щелкунчиктегі" Ханзада, "Манондағы" Де Грийе және тағы басқа партияларды сомдаған.