Жаңалықтар тізбегі
0

Абай атындағы театр астаналықтарға опера мен хореография өнерінің жауhар туындыларын көрсетеді

опера балет, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 00:29 Сурет: Абай атындағы ҚҰОБТ баспасөз қызметі
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 2023 жылғы 27-28 мамырда "Астана Опера" театрының сахнасында гастрольдік сапармен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.



Гастрольдік бағдарламаға әйгілі итальялық композитор Джузеппе Вердидің (1813 - 1901) "Травиата" екі бөлімді операсы мен хореография өнерінің жауhар туындылары – Родион Щедриннің өңдеуіндегі Жорж Бизенің "Кармен-сюита" және Римский-Корсаковтың музыкасына қойылған "Шехеразада" балеттері  кіреді.

"Травиата" операсының сюжеті (кіші) Александр Дюманың "Камелия ұстаған ханым" романының желісі бойынша қойылған. Джузеппе Вердиге әдеби шығармаға опера жасау мүмкіндігі 1848 жылы роман шыққаннан кейін пайда болды. Верди оның премьерасында болып, опера жазу туралы шешімге бірден келді. Ол Дюмадан өзіне жақын тақырыпты, яғни буржуазиялық қоғам бұзған әйелдер тағдырының трагедиясын тапты.

Алғаш рет, спектакль 1853 жылғы 6 наурызда Венецияда "Ла Фениче" театрының сахнасында көрсетілген. "Травиата" операсы Абай атындағы ҚазҰОБТ репертуарында театрдың алғаш ашылған күнінен бері бар, қазіргі таңда 2016 жылы жаңартылған қойылымы көрермен назарына ұсынылып жүр. 

Басты партияларды танымал опера солистері, Верди операларының үздік орындаушылары орындайды. Виолетта – Зарина Алтынбаева, Альфред – Нуржан Бажекенов, Флора – Елена Никонова, Жермон – Александр Сметанин. 

 "Кармен-сюита" балетінің әлемдік премьерасы 1967 жылдың 20 сәуі­рінде Үлкен театр сахнасында өткен. Балеттегі басты тақырып ре­тінде – сыған қызы Кармен және оған ғашық болған сарбаз Хозенің қайғылы тағдыры алынған.

Басты партияларды Абай атындағы ҚазҰОБТ жетекші балет әртістері:  Кармен – Малика Елшібаева, Хозе – Азамат Асқаров, Тореро – Нельсон Пенья, Жазмыш – Наргиз Мирсеидова, темекіші – Ақбота Бекболатова, Гүлбаршын Қасаболат, Корехидор – Елдар Әбілов сомдайды. 

Сонымен қатар бұл кеште Н.Римский-Корсаковтың симфониялық сюитасының балеті көрнекті итальялық биші, балетмейстер, әрі Михаил Фокинның шығармашылығын зерттеуші – Тони Канделороның қойылымындағы "Шехеразада" балеті көрермен назарына ұсынылады.  

Спектакль көрермендерге хореограф Михаил Фокиннің басты жұмыстарының бірін таныстырады. 

"Шехерезада" балетінде басты партияларды: Зобейда – Малика Елшібаева, Алтын құл – Арқат Әшірбек, Шахрияр – Әмір Жексенбек, Земан – Дәурен Жеңіс, Әтек – Дәурен Нұржанов сомдайды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: