Қазақтан шыққан тұңғыш дирижер әйел - Раиса Садықова көз жұмды
Facebook
Ол ұзақ жылдар бойына Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері болды.
Қазақтан шыққан тұңғыш дирижер Садықова Раиса Құдайбергенқызы қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының баспасөз қызметі хабарлағандай, ол ұзақ жылдар бойы осы театрдың дирижері болған, опера, балет және көптеген балалар қойылымдарын жүргізген. Әріптестері оның таңғажайып мінезін және өз жұмысына деген керемет сүйіспеншілігін қимай еске алады.
Раиса Құдайбергенқызы Садықова қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дирижер әйел. Алматы облысының тумасы. Алматы музыка колледжін, Алматы консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Н.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург консерваториясын бітірген. 1964-1975 жылдары қазақ ұлттық аспаптық оркестрінің әртісі болып жұмыс істеді. Ұзақ жылдар бойы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері болды. Ол біздің бас әріптермен жазылған кәсіби маман және үлкен жүректі адам ретінде біздің жадымызда қалады ... - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript