Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Өнер өкілдері караоке қожайындарынан қаламақы талап етуде

Кәсіпкерлер мен әншілер арасындағы бұл кикілжіңнің үкімін айту, заң мен жауапты мекемелер құзырында қалмақ.

Сурет : grouponcdn.com22 Маусым 2018, 11:56

Шырқалған туындыларға ақша төленсін. Таяуда, Қыдырәлі Болманов пен Ерлан Көкеев авторлық құқықты қорғауғы қатысты, заңсыз істерді жіпке тізіп берген еді. Олар, мейрамханалар мен караокеде айтылған әрбір ән үшін, белгілі бір мөлшердегі қаржы иесіне тиесілі деген мәселені көтерді. Бұл туралы zakon.kz НТК телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

АБК-ның жұмысы әлдеқашан тоқтаса да, топтың әндері өміршеңдігін жойған емес. Бірақ, әйгілі үштіктің репертуарын рұқсатсыз пайдаланып, авторлық құқықты сақтамайтын караоке қожайындарынан, Қыдырәлі қаламақы талап еткен еді. Болмановтың бұл бастамасын ізінен ерген әріптестері де қос қолдап қоштайындарын айтады.

Бейбіт Көшқалиев, әнші: -Ол еңбек болғаннан кейін, сол караокемен айналысатын мекемелер төлеу керек деп ойлаймын. Себебі, ол біздің еңбек. Енді, миллион болмаса да, өзінің бір ақысы төлену керек.

Динара Сұлтан, әнші: -Әр мейрамхана, караокеде қойылатын болса, әрине ол кішкентай пайыз төлену керек. Өйткені, біздер оған ақша жұмсаймыз, клип түсіреміз, өңдейміз. Оның бәрі қаражат қой. Сондықтан, мен ойлаймын ол дұрыс деп.

Жас болса да Айридың әндері де караокедегі тректер тізіміне енген. Бірақ, ол өтеамақы талап еткен өнер иелерінің қатарынан емес.

Ayree, әнші: -Жақсы емес пе менің әнімді халық караокеде демалып, айтқан! Менің әндерім караокеде бар. Ешқандай қаражат бізге түспейді. Сондықтан, ол әртіске байналысты.

«Орда» тобының әндері де кароке каталОгында сұранысқа ие. Алайда, Дастан дабыл қаққан әншілердің әркетін әурешілдік дейді. Оразбековтің ойынша, бұл авторлық құқықты қорғауға тиісті ұйымдардың мойынына жүктелген жұмыс.

Дастан Оразбеков, әнші: -Шынымды айтсам, ол авторлық қоғамның ісі ғой деп ойлаймын. Біз өзіміздің құқығымызды, сол кісілерге беріп қойғанбыз. Ал олар қалай қорғайтыны, сол кісілерге тікелей байланысты шығар деп ойлаймын.

Ал, кәсіпкерлер мен әншілер арасындағы бұл кикілжіңнің үкімін айту, заң мен жауапты мекемелер құзырында қалмақ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер