Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанда дәрігерлер қызметі 8% қымбаттады

Арнайы дәрігерлерге сұраныс 10,7%, ал тіс дәрігерлеріне 16,8% артқан.

Сурет : Baq.kz25 Маусым 2018, 11:18

Дәрігерлер қызметінің қымбаттағанына қарамастан, олардың жалақылары биыл тек 2% өскен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Биыл І тоқсан ішінде денсаулық сақтау саласы 241,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6% аз.

Республика бойынша, көптеген қалаларда қызмет көрсетудің төмендегеніне қарамастан, Алматы мен Астана қалаларында керісінше өсім байқалады. Алматыда бір жылда 1,8% өсіп, 42,8 млрд теңге болды. Астанада 2,4% өсіп, 36,7 млрд теңге болды.

Арнайы дәрігерлерге сұраныс 10,7%, ал тіс дәрігерлеріне 16,8% артқан.

Аурухана қызметі бір жылда 0,2% қысқарған. Ал реабилитация орталықтарының қызмет көрсетуі бір жылда 14%, перзентханалардағы гинекологиялық қызметтер 7,2%, психиатриялық клиникаларда 6,3% өскен.

Мамыр айының нәтижесі бойынша, дәрігердің алғашқы қабылдауы орташа есеппен 2,4 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,4% қымбат. Сондай-ақ, тіс дәрігерлерінің қызметі 7,6% қымбаттап, 3,3 мың теңгені құрады.

Мойын тұсына жасалатын массаж бір жылда 8,1 қымбаттап, бір процедураның орташа бағасы 916 теңге болды. Ал шипажайлар қызметі 6% қымбаттап, тәулігіне 9,8 мың теңге болды.

Қан құрамының жалпы анализінің орташа бағасы 5,7 қымбаттап, орташа бағасы 878 теңге болды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер