Қазақстанда бір аптада қандай өнімдер қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
Бір аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құны 0,1%-ға өсті. Ал жылдық көрсеткіште – 10,7%-ға, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы, деп хабарлайды Zakon.kz.
25 сәуірдегі кейбір тауарлардың орташа бағасы:
- айран, 2,5% - 399 теңге/литр;
- қант – 442 теңге/кг;
- рожки – 315 теңге/кг.
Азық-түлік бағасы сәл қымбаттады, атап айтқанда: сүт, айран, күріш, сәбіз, пияз, қырыққабат, сары май, ет, жұмыртқа және тұз.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде 19 атау бар. Дүкендердегі, супермаркеттердегі, базарлардағы бағаларға мониторинг апта сайын жүргізіледі.
Қазақстандағы көптеген әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы әр қалада қымбаттап жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript