Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы төрт айда (2018ж. сәуір 2017ж. желтоқсанға) – 2,8%, азық-түлік емес тауарларына – 1,7%, ақылы қызметтерге 1,9%-ға өсті. Бұл туралы zakon.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Ағымдағы жылдың басынан (2018ж. сәуір 2017ж. желтоқсанға) бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге – 14,4%, жаңадан жиналған жемістерге – 9,8%, картопқа – 7,2%, мәйекті ірімшікке – 5%, консервіленген сүтке – 4,6%, кофеге – 3,5%, сары майға – 3,4%, қышқыл сүт өнімдеріне – 3,3%, жаңа сауылған сүтке – 2,8%-ға, сүзбеге, сиыр етіне, жылқы етіне, ет өнімдеріне – 2,5%-дан, шұжықтарға – 2,3%, жеміс және көкөніс шырындарына – 2,2%, шошқа етіне – 1,8%, салқындатылған сусындарға 1,6%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 15,9%, қара шайға – 1,8%, құс етіне – 1,4%, жұмыртқаға 1,1%-ға тіркелді.
Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге – 2,9%, автомобильдерге – 2,8% жеке қолданатын тауарларға – 2,1%, тұрмыстық аспаптарға – 1,9%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 1,8%-ға, киім және аяқ киімге, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 1,7%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 1,6%, тоқыма бұйымдарына – 1,5%, кітаптарға 1,3%-ды құрады. Дизель отыны – 2,5%, баллондағы сұйытылған газ – 1,7%, бензин – 1%, тас көмір 0,7%-ға қымбаттады.
Баға деңгейі құқықтық қызметтеріне, жеке көлiк құралдарын сақтандыру – 6%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 3,2%, денсаулық сақтау – 2,9%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 2,5%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 1,1%-ға өсті. Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы – 3,1%-ға, қалааралық автобус, жолаушылардың темір жол көлігімен 2,8%-дан қымбаттады, ал әуе көлігімен 2,2%-ға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына – 3,6%-ға, орталықтан жылытуға, ыстық суға – 3,5%-дан, қоқыс шығаруға – 3%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 2,2%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,9%, суық суға – 0,9%, кәрізге 0,8%-ға жоғарылады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
2018 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі 37,8%, азық–түлік емес тауарлар – 30,1%, ақылы қызметтер – 32,1%–ды құрады.