СҚО-да мас күйде көшеде жатқан әкім жұмыстан қуылды

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Шенеунікке 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Солтүстік Қазақстан облысында әдеп кеңесі қоғамдық орында мас күйде жүрген Тимирязев ауданының Целинный ауылдық округінің әкімі Ақан Қойшыбаевқа қатысты тәртіптік істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызметтік тексеріс материалдарына қарағанда, демалыста жүрген ауыл әкімін ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері «Петропавл» стансасында ұстап, әкімшілік хаттама толтырған. Шенеунікке 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

«Қойшыбаевтың айтуынша, ол бір бөтелке сыра ішіп, содан мазасызданған. Бірақ медициналық сараптама нәтижесінде оған «орташа ауыр алкогольдік мастық» диагнозы қойылды», - дейді мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Нұргүл Қахабаева.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулы заңды күшіне енген.

Әдеп кеңесінің мүшелері Қойшыбаевтың әкімшілік жауапқа тартылғанына тексеріс жүргізді. Кеңес төрағасы, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев шенеуніктің бұл әрекетін Мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзу деп бағалады.

«Оның неліктен полицияның назарына іліккенін айтайын. Медициналық сараптамаға қарағанда, ол көшеде өздігінен қимылдауға шамасы келмей жатқан. Көшеде жатқан кез келген шенеунік мемлекеттік қызмет атқармауы тиіс», - дейді Ғ. Тұрсынбаев.

Әдеп кеңесінің мүшелері Тимирязев ауданының әкіміне Қойшыбаевты лауазымынан босатуды ұсынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз