Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Мәжіліс Төрағасы үшінші сессия жұмысын қорытындылады

Осы сессияда Мәжілістің 38 жалпы отырысы өтіп, 200-ден астам мәселелер қаралды.

Сурет : Мәжілістің баспасөз қызметі27 Маусым 2018, 11:56

Бүгін алтыншы шақырылған Парламент Мәжілісінің үшінші сессиясының соңғы жалпы отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен сессия жұмысын қорытындылады. Өз сөзінде Мәжіліс Спикері:

- Бұл сессия Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Мәжілістің алдына қойған маңызды міндеттері мен тапсырмаларын орындауға арналды. Ең бастысы Президентіміз Парламентте өзінің Бес әлеуметтік бастамасын жариялаған болатын. Сондықтан, осы бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету біздің депутаттарымыздың осы сессиядағы негізгі міндеттерінің бірі болды. Бұл жолда көптеген заңдар қабылданып, көптеген парламенттік шаралар өтті, - деді.

Атап айтар болсақ, осы сессияда Мәжілістің 38 жалпы отырысы өтіп, 200-ден астам мәселелер қаралды. Осы кезеңде Палата қарауында 128 заң жобасы болып, оның 91-і мақұлданып, Сенатқа жолданған.

Сонымен бірге, 18 «Үкімет сағаты» мен 2 парламенттік тыңдау, 21 көшпелі отырыс және 3 халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Палата Спикері атап өткендей, осының барлығы депутаттық корпустың Үкіметпен, тиісті мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесі.

Еске сала кетейік, енді екі күннен кейін, яғни, маусымның 29-да өтетін екі Палатаның бірлескен отырысында алтыншы шақырылған Парламенттің үшінші сессия қорытындыланып, алдағы жоспарлар белгіленетін болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер