Жаңалықтар тізбегі
0

Ұрланған көліктерді Қазақстанға қайтару шаралары жеңілдетілді

Фото: Алау-ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2017 18:41 Фото: Алау-ТВ
12 жылда ТМД мемлекеттерінде еліміз аумағынан ұрланған және шығарылған 200-ден астам автокөлік анықталды.

Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келісімге 2005 жылы 25 қарашада Мәскеуде қол қойылған. Осы құжатты әзірлеу ұрланған автокөлік иелерінің құқықтарын қорғау және оларды қайтарумен байланысты мәселелерді реттеу қажеттігінен туындап отыр. 12 жылда ТМД мемлекеттерінде еліміз аумағынан ұрланған және шығарылған 200-ден астам автокөлік анықталды.

Оның ішінде Қазақстанға тек 66-сы қайтарылды. Осыған байланысты Келісімді ратификациялау ТМД елдері құзырлы органдарының өзара іс-қимылын жеңілдете түседі», - деді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов заң жобасы бойынша баяндамасында. Оның сөзіне қарағанда, бұдан бұрын заң жобасы қаржылық шығынға байланысты бірқатар мемлекеттік органдар тарапынан қолдау таппаған.

«Сонымен бірге аталған келісімді Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей ратификациялады. Атап айтқанда, тәжірибеге сүйенсек, оны жүзеге асыруға байланысты бюджет шығыстары болмайтыны байқалап отыр. Заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық кері салдарға алып келмейді, сондай-ақ қосымша бюджеттік шығындарды қажет етпейді», - деп нақтылады Қ. Қасымов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: