Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар 17 мың көлікті шетелдіктерге «тегін» бере салған

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2017 20:32 Zakon.kz
Қазіргі кезде Қазақстанда ұрланған 200 көлік ТМД аймағында жүр.
1993 жылдан бері Қазақстанда ұрланған 60 мың көлік шекара асып, әлемнің түкпір-түкпіріне тарап кеткен. Осы уақытқа дейін 43 мың көлік қайтарылды. Қалған 17 мың көлік әлі табылмай жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуовтің айтуынша, қазіргі кезде ол көліктерді қайтарған тиімсіз. Себебі біраз уақыт өтіп кетті. Ұрланған көліктер тозды. Айыппұл тұрағынан алу үшін қыруар ақшаны да төлеуге тура келеді. Сол себепті көлік иелері темір тұлпарларын іздеуді қойды. Ал ТМД бойынша көліктерді ұрлауға қарсы күрес туралы келісімнің арқасында қолды болған машиналарды жылдам қайтаруға мүмкіндік бар.

«Мәселен, біз өз жерімізде ұрланған көлікті анықтасақ, 20 күннің ішінде көрші елдердің тиісті органдарына хабар береміз. Олардың тергеу қызметі 30 күннің ішінде дәл сол көліктердің ұрланғанын растауы тиіс. Бір айдың ішінде жауап келмесе, біз ол көлікті аукцион арқылы сата аламыз. Қазіргі кезде Қазақстанда ұрланған 200 көлік ТМД аймағында жүр. Соның 66-сын қайтардық», — деді Медеуов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, бүгін сенаторлар ТМД елдерінің көліктерді ұрлауға қарсы күрес келісімін ратификациялау туралы заң жобасын талқыға салды. Аталған құжатты ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов таныстарды. Оның айтуынша, 2005 жылы он елдің басшылары келісімге қол қойған болатын. Бертін келе, Украина мен Грузия келісімнен бас тарты. Осы уақытқа дейін оны 6 мемлекет ратификациялады. Енді, Қазақстан, Тәжікстан мен Әзербайжан қалды.

Фото: aktobenews.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: