Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы облысында ауруханада төтенше жағдай болды: үш адам қаза тапқан

Қазіргі уақытта полиция оқиғаны тергеп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған.

Сурет : sputniknews.kz3 Шілде 2018, 11:01

Алматы облысында канализация құбыры жарылып, үш адам қаза тапты, тағы бірі зардап шеккен, деп хабарлайды sputniknews.kz, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға екінші шілдеде Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының жергілікті ауруханасында болған.

"Канализациялық құдықты тазалау кезінде 12.34-те диаметрі 200 мм құбыр жарылды. Салдарынан метан газынан үш адам уланған: 1967 жылы туған сантехник оқиға орнында көз жұмды, 1969 жылғы сантехник пен 1988 жылы туған травматолог дәрігер жансақтау бөліміне түсіп, олар да кейінірек жан тапсырған", — деп хабарлайды департамент.

Тағы бір зардап шегуші – жұмысшыларға жәрдем бермек болған 1984 жылы туған дәрігер ауруханада жатыр.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент хабарлағандай, бастапқы болжам бойынша, қауіпсіздік техникасы сақталмаған болуы мүмкін. Полиция да аталған деректі тіркеп, тиісті тексеру ұйымдастырды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер