Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде күйеуі жүкті әйелін подъездің баспалдағында босандырып алған

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2018 15:52 stan.kz
Аян Ұланның сөзінше, түнде аяғы ауыр әйелінің толғағы келіп, олар шұғыл түрде ауруханаға жетуді ойлаған.

Ақтөбе тұрғыны өзінің жүкті әйелін тұрғын үй подъезінің баспалдағында босандырып алған. Босану процесі жылдам болғанына әрі сәбидің кіндігі мойнына оралып қалғанына қарамастан, ер адам саспастан, баласының өмірін құтқарып қалды. Бұл туралы «Диапазон» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Аян Ұланның сөзінше, түнде аяғы ауыр әйелінің толғағы келіп, олар шұғыл түрде ауруханаға жетуді ойлаған. Олар такси шақырып, жамылғы мен басқа да қажетті заттарды алып, ауруханаға беттеген. Алайда әйелдің толғағы тез болып, ол тұрғын үйдің подъезінің баспалдағында босанып қалған.

«Ол баспалдақпен төмен түсіп келе жатқан. Бәрі осы кезде басталды. Әйелімді көрпенің үстіне жатқыздым. Ол қатты шошыды. Мен одан тынышталуын сұрадым. «Дем ал, күшен», – деп қайталадым. Ол үшінші рет күшенген кезінде босанды. Алайда сәби жылаған жоқ. Кіндігі мойнына оралып қалыпты. Кіндігін мойнына шешіп алған кезімде, балам жылап қоя берді. Мен шок күйінде болдым. Бірден 101 нөміріне, өрт қызметіне хабарласыппын. Содан кейін ғана жедел жәрдемге хабарластым. Олар шамамен 2 минутта келді. Қатты қорықтым. Алайда қорқынышымды білдірмеуге тырыстым. Менің медициналық білімім жоқ. Байланысшы болып жұмыс істеймін. Өз кезегінде дәрігерлерге және 12-нші жедел жәрдем бригадасына. Надежда Филиппова, фельдшер Маматов пен жүргізуші Болатхан Жиенбаевқа алғыс білдіремін», – дейді Аян Ұлан.

Әйел босанғаннан кейін, жедел жәрдем ана мен сәбиді ауруханаға алып кетіпті. Қазіргі уақытта олар үйінде, жақындары мен туыстарының ортасында. Сәби әлі қырқынан шықпаған. Сондықтан ата-анасы оның есімін айтпады. Ол Аян Ұланның шаңырағындағы екінші бала екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: