Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстаулық фельдшерлер жүкті әйелді жедел жәрдем көлігінде босандырып алды

Маңғыстау облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2024 21:59 Сурет: Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Маңғыстаулық фельдшерлер Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылының тұрғынын, жүктілігінің 37 аптасындағы аяғы ауыр әйелді жедел жәрдем көлігінде босандырып алды, деп хабарлайды Zakon.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

8 шілдеде Мұнайлы ауданы, Батыр ауылы бойынша жүкті әйелден шақырту түскен. Фельдшерлер тиісті мекенжайға жетіп, жүкті әйелдің жағдайын қарап-тексеріп, перзентханаға апармақ болған. Бірақ нәресте перзентхананы күтпей, жолда жедел жәрдем көлігінде дүниеге келді.


"Жүктіліктің 37-аптасындағы әйелді Батыр-Ақтау тас жолында облыстық перзентханаға жедел-жәрдем көлігімен әкеле жатқанбыз. Кенеттен жүкті ананың толғағы жиіледі, босандырып, сәбидің аман-есен дүниеге келуіне көмектестік. Жедел жәрдем фельдшерлері босанудың кез келген кезеңіне тап болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дер кезінде ана мен сәбидің амандығы үшін күш саламыз. Себебі бізге әр минут маңызды. Дүниеге келген сәбидің дауысы қарқын, тері жамылғысы қызғылт, қимылы ширақ, рефлексі сақталған", - деді Мұнайлы жедел жәрдем бөлімшесінің фельдшері Күнсия Бекназарова.

Мамандар ана мен баланың жағдайын жақсы деп бағалап отыр. Осылайша, жедел жәрдемде дүниеге келген сәбидің салмағы – 3 200 кг, бойы – 52 см.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: