Полицейлер тасжолда толғағы қысқан әйелді перзентханаға жедел жеткізді

Полицейлер тасжолда толғағы қысқан әйелді перзентханаға жедел жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2024 10:57 Сурет: pixabay
Жүргізушілердің бірі патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне келіп автокөлікте жүкті әйелдің толғағы басталғанын және оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізу керектігін айтқан.

Бұл жағдай 28 шілдеде түнгі сағат 00:50 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 590 шақырымында болған.

Райымбек Қабдиев пен Қанат Ақмырзаев жедел түрде автокөліктің кедергісіз жүруін қамтамасыз етті. Перзентханаға жеткізілген келіншек аман-есен ұл босанды.

Жас ананың жақындары полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Айта кетейік, Атырау облысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жыл басынан бері толғағы қысқан 4 жүкті әйелді перзентханаға жеткізуге көмектескен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: