Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада жерасты қоқыс контейнерлерін орнататын орындар анықталды

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2018 16:19 astana.gov.kz
Жерасты контейнерлеріндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс тасымалдайтын «Clean city» компаниясы жүзеге асырады.

Астана әкімдігі жаңа жерасты қоқыс контейнерлерін орналастыру үшін контейнер алаңын анықтады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылығы тереңдетілген жәшіктерді «Байқоңыр», «Сарыарқа», «Алматы» аудандарына орнатпақ, деп хабарлайды zakon.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, үш ауданда небары жаңа типтегі 26 контейнер пайда болады: «Байқоңыр» – 14 контейнер, «Сарыарқа» – 10, «Алматы» ауданында – 12 контейнер орнатылмақ.

«Тұрғын үй құрылысының тығыздығы мен жүретін жолдардың тарлығы, ірі габаритті арнайы техниканың қоқысты шығарар кездегі қиындығына байланысты қаланың үш ауданында тереңдетілген контейнерлерді орнататын 12 орын анықталды. Алғашқы бес контейнердің монтаж жұмыстары Абылайхан 25 даңғылы мен Пушкин 15 көшесінде аяқталды, қазір сол учаскені абаттандыру жүргізіліп жатыр», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, жерасты қоқыс контейнерінің көлемі 3, 5 текше метр, қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын және жерасты жинау технологиясын жасаған Финляндияның өндірісі. Бір контейнердің сыйымдылығы 3 текше метр, бұл кәдімгі 3 қоқыс жәшігін алмастырады. Ал қоқыстың тең жартысы жер астында жатады. Бұл ауладағы алаңның көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді. Оның үстіне мұндай контейнерлер бактерияның таралуы мен күн ысыған кезде жағымсыз иістің шығуын азайтады. Себебі, контейнердің тең жартысы жер астында орналасқан.

Жерасты контейнерлеріндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс тасымалдайтын «Clean city» компаниясы жүзеге асырады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) тереңнен жинау үшін компания арнайы манипулятор сатып алған, ол күн сайын жаңа контейнерлердегі қоқыстарды шығарады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2018 16:19, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2018 16:19, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2018 16:19

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: