Жаңалықтар тізбегі
0

Қарқаралы тауында адасып кеткен жас жұбайлар табылды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2018 22:32 inform.kz
Бір жарым сағаттай жүрген соң, бағдарды таба алмайтынына көз жеткізген олар «112» нөміріне қоңырау шалған.

Қарағанды облысында табиғат аясына демалысқа шыққан жас жұбайлар адасып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ТЖД мәлімдемесіне қарағанда, кеше 22:53-те Қарқаралы ұлттық табиғи паркіне қарасты тауда екі адамның адасып кеткені туралы хабар келіп түскен.

Демалыс үйлерінің бірінде демалып жатқан жұбайлар Шайтанкөлдегі экскурсиядан қайтарда жол қысқарту үшін сүрлеуден шығып, орман аралап кеткен.

Бір жарым сағаттай жүрген соң, бағдарды таба алмайтынына көз жеткізген олар «112» нөміріне қоңырау шалған.

Құтқарушылар тобы адасқандармен телефон арқылы байланыса отырып, олардың қай жерде тұрғанын шамамен анықтаған. Қараңғы түсіп, көз байланғандықтан, іздестіру-құтқару істері қиындап кетті.

Соған қарамастан, бір сағатқа созылған амалдар нәтижесін беріп, жас жұбайлар табылды.

Ерлі-зайыптыларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар жұбайларды демалыс аймағына жеткізіп салды.

Қарағанды облыстық ТЖД орманға шығарда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: