Алматы тауларында адасып кеткен қыз бен жігіт құтқарылды
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында осы түнде 112 нөміріне хабарласқан туристер құтқарушыларға өздерінің адасып кеткенін айтып, көмек сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қолайсыз ауа райына қарамастан, РЖҚЖ құтқарушылары 88 шақырымнан астам жолды жүріп өтіп, Талғар ауданының Бутаков шатқалына келді. Жаяу олар Лесная асуына қарай көтерілген кезде Украина азаматы болып табылатын жігіт пен қызды тапты. Жастарға жылы киім мен шай берілді, содан кейін оларды қауіпсіз жерге түсірді".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Туристер 4 сағат ішінде табылғаны және олар медициналық көмекті қажет етпегені де нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript