Головкин жеңіліп көрмеген америкалықпен жекпе-жекке келісім берді

inform.kz inform.kz
Қазақстандық боксшы WBC белдігін міндетті қорғауды ойластырып жатыр.

Орта салмақта WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) 15 қыркүйекте өтетін жекпе-жектен кейінге жоспар құра бастады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қазақстандық боксшы WBC белдігін міндетті қорғауды ойластырып жатыр.

Ол үшін жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Джермалл Чарломен (27-0, 21 КО) жекпе-жек өткізуі қажет.

ESPN телеарнасының журналисі Брайан Кэмпбелл Геннадийдің: «Чемпион ретінде мен үнемі жекпе-жек өткізуге дайын екенімді айтып келемін. Мен ашықпын. Ұйымдастырайық осыны», - деген сөзін жариялады.

Дегенмен, Геннадий, бәрібір, «Канелодан» кейін WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) жекпе-жек өткізу ықтималы жоғары екенін білдірді. Өйткені GGG орта салмақтағы барлық титулдарды біріктіруді жоспарлап отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз