Головкин Канеломен жекпе-жекке дайындалып жатыр

Головкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2022 14:22 Сурет: Instagram/gggboxing
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль Альвареспен («Канело») алдағы жекпе-жекке дайындық қалай өтіп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

GGG өзінің Instagram-дағы парақшасында жаттығудан бірнеше фото бөлісті.

Жаттығу лагерінің жартысын артқа тастадық. Әрі қарай жұмысты жалғастырамыз, – деп жазды боксшы.

Боксшының жанкүйері GGG-дің дайындығына қуанып, оған жеңіс тіледі.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте трилогияның алғашқы екі жекпе-жегі өткен Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

GGG мен Канело арасындағы алдыңғы екі жекпе-жек 2017 және 2018 жылдары болған. Алғашқы кездесу жанжалды тең аяқталса, 12 айдан кейін өткен екінші жекпе-жекте мексикалық көпшіліктің шешімімен жеңімпаз деп танылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: