Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Шығыс Қазақстанда ұлын құтқармақ болған әке өзенге батып кетті

10 жастағы ұл әкесімен бірге демалып жүрген.

Сурет : Baq.kz16 Шілде 2018, 12:36

Қайғылы жағдай бірнеше күн бұрын Глубокое ауданы, Карагужиха ауылында болды, деп хабарлайды Baq.kz.

10 жастағы ұл әкесімен бірге демалып жүрген. Тау етегіндегі өзеннің суық суына шомылуға не себеп болғаны белгісіз. Бала суға батып бара жатқан кезде әкесі суға секіріп, ұлын жағаға шығарған, бірақ өзі су ағынымен бірге ағып кеткен.

«Суға батқан ер адамның денесін іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылды. Оқиға орнынан 25 шақырымдық жерде суға ағып кеткен ер адамның денесі табылды», - дейді құтқарушы Валерий Лытарь.

ШҚО ТЖД қызметкерлері суға жүзу ережелерін сақтау керектігін, арнайы жабдықталмаған жерде суға түсуге болмайтынын ескертеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер