Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматының аптабы ақ аюлар мен ламаларға қиын тиюде

Мұндай климат кезінде тек Тянь-Шань қоңыр аюы мен дала қасқырлары сияқты жануралар өзін жайлы сезінеді.

Сурет : Михаил Сорокоумов16 Шілде 2018, 12:56

Алматы зообағында Арктика мен Анд таулары табиғатына бейімделген жануарлардың аптап ыстықтағы тіршілігі туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық хайуанаттар бағында Австралиядан Мұзды мұхитқа дейінгі аралықты мекендейтін, әлемнің барлық климаттық зонасынан жиналған жануарлар бар.

«Бұлардың арасында тек Антарктида фаунасының өкілдері ғана жоқ. Әрине Орталық Азияның шұғыл-континентальді климаты барлығына бірдей жаға бермейді. Әсіресе осы жаз маусымы қалың жүнді ақ аю мен қодасқа оңай болмай тұр. Ақ аю мұндай ауа райына мүлде бейімделмеген. Оған тундраның өзінде жаз айларын өткізу қиынға соғады. Оның мекені Арктиканың шетсіз мұз айдыны. Биік қарлы тауларды мекендейтін қодастар үшін де дала табиғаты қолайсыз. Ламалар Анд тауларының етегін мекен етеді»,-деді Алматы зообағының қызметкері Михаил Сорокоумов.

Мұндай климат кезінде тек Тянь-Шань қоңыр аюы мен дала қасқырлары сияқты жануралар өзін жайлы сезінеді.

«Өз отанында кез келген жануар ауа райының нормадан ауытқушылығына төзе алады. Ал бұған басқа климатта шыдамдылық таныту қиынырақ. Оның үстіне биылғы қыс қатты болып, көктемде аспан нөсерден ашылмады. Жазда тал түстегі қапырықтан қорғану үшін қызметкерлер торда ішуге арналған судың, көлеңкенің болуын жіті қадағалайды. Кейде аптап ыстықта кейбір жануарларға мұздатылған жемістер, ет немесе балық дайындалады»,-деді Михаил Сорокоумов.

Хайуанаттар бағының қызметкерлерінің айтуынша, мұндай жағдайда қажет болып жатса жануарларға көмекке ветеринарлар келеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер