Жаңалықтар тізбегі
0

Facebook нәсілшілдікке қатысты мемдерді өшірмейді – Business Insider

techcrunch.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2018 21:48 techcrunch.com
Модератор материалды қарап болған соң үш түрлі әрекетке жүгіне алады: контентті елемеу, өшіру немесе үрейлі контент қатарына енгізу.

Жақында Channel 4 телеарнасының тілшісі Facebook компаниясына жасырын түрде модератор ретінде жұмысқа орналасып, әлеуметтік желінің нәсілшілдікке қатысты мемдер мен балалар зорлығы бейнеленген видеоларды өшірмейтінін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz Business Insider басылымына сілтеме жасап.

Журналист Дублиндегі CPL Resources компаниясының атынан жаңадан келген мамандарға контентті бақылау жұмыстарын үйрететін жұмысқа куә болған. Facebook компаниясында жұмыс істеген ол жақында телеарнадан «Facebook ішінде: әлеуметтік желі құпиялары» атты фильмін көрсетті.

Журналист жаңадан жұмысқа орналасқан қызметкерлерге Facebook әлеуметтік желісінің қоғамдық стандарттарын таныстыру жұмысына қатысқан. Оның ішінде контентпен жұмыс істеп, қатыгездік көріністері, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, жек көрушілік әрі нәсілшілдік контентті бақылау жұмыстарын түсіндірген.

Модератор материалды қарап болған соң үш түрлі әрекетке жүгіне алады: контентті елемеу, өшіру немесе үрейлі контент қатарына енгізу. Үшінші топқа кірген контент әлеуметтік желіде сақталады және оны көре алатын адамдар саны шектеулі болады.

Журналист балаларға қатысты зорлық-зомбылық көріністері, нәсілшілдік контент Facebook әлеуметтік желісінде сақталып қалғанын анықтады. Сондай-ақ, ол модераторларды оқыту ісі мен Facebook стандарттарының арасында сәйкеспеушіліктердің бар екенін білді.

Тілші жұмысқа орналасқанда оған үлкен ер адамның кішкентай баланы ұрып жатқан видеосы үрейлі контентке жатқызылатыны айтылды. Facebook желісіне видеоға қатысты шағым 2012 жылы желтоқсанда балаларға қарсы қатыгез әрекеттермен күресетін кампаниядан түскен. Бірақ компания журналиске бұл видео Facebook шарттарын бұзбайтынын айтқан.

Алғашқы күні видео Facebook әлеуметтік желісінде 44 мың рет бөлісілген. Ал Facebook компаниясының қоғамдық саясат бойынша вице-президенті Ричард Аллан журналистерге бұл видеоның сайттан өшірілуі керек болғанын айтты.

Бір айна кетерлігі, телеарна Facebook компаниясына көпшілік назарын аударған кезде де бұл видео әлеуметтік желіден өшірілмеген.

Нәсілшілдікке қатысты саясат

Facebook әлеуметтік желісінің стандарттарында «Біз Facebook-те жек көрушілікке жол бере алмаймыз. Бұл қорқыныш, үрейге себеп болады, кейде шынайы өмірде де зорлық-зомбылыққа әкелуі мүмкін», делінген.

CPL Resources қызметкерлеріне сабақ барысында кішкентай қыздың суреті көрсетілген. Онда «Сіздің қызыңыз кішкентай қара нәсілді баладан қорыққанда» деген жазу бар. Журналиске мамандар бұл суретті елемеуге болатынын айтқан. Ал кейін фильм жарық көрген соң компания бұл суреттің расымен де әлеуметтік желі стандарттарын бұзатынын айтқан.

Тілшінің тағы бір байқағаны, мұсылман иммигранттарына қатысты пікірлер де әлеуметтік желіден өшірілмеген. Егер пікір тек мұсылмандарға қатысты болса, оған назар аударылған, ал мұсылман иммигранттарға қатысты жазбалар сол күйі қалдырылған.

Алланның айтуынша, адамдар Facebook желісінде көптеген тақырыпты талқылайтындықтан, мұндай пікірталастардың болуы заңды.

Business Insider басылымына Аллан Facebook компаниясының қателіктерге бой алдырғанын айтты. Енді компания жаңадан келген қызметкерлерді оқыту бағдарламасы мен материалдарын өзгертетінін мәлімдеді. «Бұл бағдарлама компанияның ұстанымдары мен саясатын танытпайды, әрі біздің жоғары стандарттарымызға сай келмейді», деді Аллан.

Facebook-ке экстремалдық контенттен пайда түсе ме?

Channel 4 телеарнасына Facebook-тің бұрынғы инвесторы Роджер МакНам Cambridge Analytica дауын еске ала отырып, компанияға эксремалдық контенттен пайда түсетінін айтты.

«Экстремалдық, қауіпті контент платформадағы ең белсенді адамдардың назарын аударады. Компанияға адамдардың назарын өзіне аударып, көп уақытын әлеуметтік желіде өткізгені тек пайда әкеледі», деді ол.

Бұл сөзді CPL Resources қызметкерлері де растады. Ол журналиске Facebook барлық қатыгез контентті өшіре берсе, тым көп цензура байқалса, халық қызығушылығын азайтатынын айтты. «Әлеуметтік желіде көп адам отырған сайын оның табатын пайдасы да арта береді», деді ол.

Ал вице-президент Аллан бұл оймен келіспейтінін айтты. «Нашар контент бізге еш пайда әкелмейді. Бұл біздің жүйенің жұмысын түсінбейтіндердің ойы», деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: