Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Шегіртке зиянкестерінен қауіп жоқ

Ауыл шаруашылығы егістіктерінің зақымдануы анықталған жоқ.

Сурет : today.kz23 Шілде 2018, 17:27

Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрайымы А.Е. Қаджыбекова ағымдағы жылы үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізілген іс-шаралардың барысы туралы хабарлама жасады деп жазады zakon.kz, Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ мәліметтері бойынша аса қауіпті зиянды организмдердің және карантинді объектілердің таралуы 5,1 млн. гектар алаңда болжамдалған, оның ішінде астық дақылдарының аурулары 2,4 млн. гектар, үйірлі шегіртке зиянкестері 1,9 млн. гектар (италияндық прус – 1,0 млн. гектар, азиалық шегіртке – 0,3 млн. гектар, марокко шегірткесі – 0,6 млн. гектар және саяқ шегірткелер – 441,4 мың гектар).

Аса қауіпті зиянды организмдермен күрес жөніндегі қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 3,57 млрд. теңге бөлінді. Оның 1,3 млрд. теңгесі – үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресуге және 1,5 млрд. теңгесі – бидай ауруларына қарсы химиялық өңдеулерді жүргізуге.

Қорғаныс іс-шараларын жүргізуге 540 бірлік бүріккіш техникалар (37 ұшақ, 31 аса жеңіл авиация, 33 аэрозольді генераторлар, 141 ультро азкөлемдегі бүріккіштер, 106 жерүсті және 192 иыққа ілетін бүріккіштер) жұмылдырылған. 2017 жылы 300 бірлік техника тартылған болатын.

Зерттеу іс-шараларын жүргізуге 492 зерттеушілер мен 432 бірлік автотехника қатысуда.

Қазіргі таңда шегіртке зиянкестерінің үйірлі түрлеріне қарсы химиялық өңдеулер аяқталуға жақын, жоспарланған 1,9 млн. гектардың 1,8 млн. гектар алаңында өңдеулер жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы егістіктерінің зақымдануы анықталған жоқ.

2018 жылы саяқ шегірткелердің таралуы 444,4 мың гектар алаңда күтілген болатын. Саяқ шегірткелер олармен күрес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесіне енетіндіктен, онымен күрес жергілікті бюджет қаражаты немесе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қаражаты есебінен жүргізілуі тиіс.

Бүгінгі күні саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеулер 231,8 мың гектар алаңда жүргізілді, бұл болжамдалған көлемнің 52,2% құрайды.

Көрші мемлекеттердің тарапынан шағым-талаптарды болдырмау мақсатында ҚХР, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекаралас аумақтарда шегіртке зиянкестерін анықтауға бірлескен зерттеулер, сондай-ақ бірлескен хаттамаларды және зерттеу актілерін толтыру арқылы жүргізілген өңдеулердің тиімділігін анықтау жүргізілетін болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер